Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғындары КТ және МРТ-ның 5000-ға жуық қызметін МӘМС арқылы алды

Қазақстанда көптеген қымбат тұратын медициналық қызметтер медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында халық үшін қолжетімді болды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / В ВКО около 5000 услуг КТ и МРТ оказали жителям через ОСМС
Фото:
Устинка LIVE

Аймақтағы онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының жоғары көрсеткіштерін, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның болуын ескере отырып, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерінің қол жетімділігі мәселесі өзектілігін жоғалтпайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қаржыландыру КТ және МРТ алуға сұраныстың өсуіне ықпал етеді.

Мәселен, осы жылдың 10 айында Шығыс Қазақстанда медициналық сақтандыру бойынша КТ және МРТ 5000-ға жуық қызмет көрсетілді, яғни емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша жоспарлы түрде көптеген адамдар тексеруден өтті.

Жалпы облыс бойынша көрсетілген қызметтер сомасы 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 130 миллион теңгеден асты, - деп атап өтті ШҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі. - Биыл облыс бойынша 17 жеткізуші осы диагностика қызметін көрсетеді.

Айта кетейік, облыс тұрғындарынан Қор филиалына СМС арқылы томографиядан қалай тегін өту керек деген сұрақ жиі түседі.

Науқасқа кез келген диагностикалық процедураны емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол науқастың жағдайын, оның шағымдарын, белгілерін зерттейді, - деп түсіндірді ШҚО ФСМС ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінде. - Егер тиісті көрсеткіштер болса, дәрігер КТ немесе МРТ жүргізуге жолдама бере алады. Бұл қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациент МӘМС жүйесінде "сақтандырылған" мәртебесіне ие болуы тиіс.

Егер КТ және МРТ қызметтерін алуға қатысты сұрақтарыңыз болса немесе сіз оларды көрсетуге қол жеткізе алмасаңыз, өз емханаңыздың Пациентті қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: Ресми сайт fms.kz, байланыс орталығы 1406, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.

Следующая →