ШҚО-ның Ана мен бала орталығында жыл басынан бері сегіз мыңнан астам бала дүниеге келді
Ана мен бала орталығы - облыстың басты перзентханаларының бірі. Жыл басынан бері мұнда сегіз мыңнан астам бала дүниеге келді, олардың 500-ге жуығы шала туылған
Аймақтық медициналық мекемеде Дүниежүзілік шала туған балалар күні атап өтілді. Оның мақсаты - шала туылған нәрестелер мен мерзімінен ерте босану туралы ғаламдық хабардарлық, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мерзімінен бұрын туылған балалар жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған деп саналады.
ШҚО-ның Ана мен бала орталығында салмағы 500 грамм болатын шақалақтарға өмір сыйлап қана қоймай, оларға барынша дені сау болашақ кепіл етеді, - деп атап өтті перзентхананың баспасөз қызметі. – Ана мен бала орталығы – ШҚО-дағы басты перзентханаларының бірі. Жыл басынан бері мұнда сегіз мыңнан астам бала дүниеге келді. Олардың 500-ге жуығы шала туған.
Неонатолог мамандарды зергерер деп атауға да болады. Өйткені алақандай ғана нәрестелерді "адам" етеді.
Біз балаларды ана жүктілігінің 22 аптасы мен дене салмағы 500 грам кезінен бақылауда ұстаймыз. Бүгінгі күннің басты міндеті - баланың өмірге келуі, жетілуі ғана емес, кейін дені сау болып өсуіне қол жеткізу. Біздің неонатолог-дәрігерлердің құзыреттілігі мен орталықты жаңа жабдықтармен қамтамасыз етудің арқасында бұл балаларды оңалту деңгейі жоғары. Балаларды күту сапасы артып келеді, балалар әбден бейімделген кезде перзентханадан шығады, - деп атап өтті Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімі меңгерушісінің м.а. Далиля Қанасова.
Айтпақшы, еріктілер қозғалысының өкілдері - "28 ілмек" клубы үнемі перзентханаға тоқылған заттарды алып келеді. Шынында да, медициналық көмек пен шала туылған нәрестелер орналастырылған кувездегі температураны сақтаудан басқа, оларға тоқылған киім керек. Тоқылған шұлықтар, қалпақшалар мен жемпірлер шақалақтардың аман қалуына көмектеседі.