Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бес қадам жасай отырып жүргізуші куәлігін қалай оңай алуға болады?

«Азаматтарға арналған үкіметтің» ШҚО филиалының қызметкерлері жүргізуші куәлігін ең алғаш алып жатқандарға оңай қол жеткізу әрекеттерінің алгоритмімен бөлісті

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Как получить права новичку всего за пять шагов, рассказали в ЦОНе
Фото:
Гпка

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО филиалының баспасөз қызметі жүргізуші куәлігін алу немес жаңарту бұрынғыдан да жеңілдей түскенін айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алдымен жақсы көлік мектебін таңда, оқып шығу керек. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерінің теориясын өз бетіңізше үйренуге болады, бірақ нұсқаушымен бірге көлік жүргізу сабақтарын алу міндетті түрде талап етіледі.
Екінші қадам – тиісті, маңызды құжаттарды жинау. Сізге керегі: жеке куәлік, 073 нысанындағы медициналық анықтама, автокурстарды бітіргені туралы анықтама (болған жағдайда) және мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек. Мемлекеттік баждың мөлшері 1,25 АЕК құрайды.
Үшінші кезең – теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұраққа жауап беру керек. Емтиханнан өту үшін 32 сұраққа дұрыс жауап беру жеткілікті.
Одан әрі – автодром бойынша практикалық емтихан. 20 минут ішінде 12 жаттығудан өту қажет.
Соңғысы - дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырса, жүргізуші куәлігі беріледі.

- Жүргізуші куәлігін ауыстыру да жеңілдей түсті. Электронды порталда өтініш қағазына фотосурет пен қолтаңбаның сканерленген суреті қоса беріледі. Жеке кабинетте құжаттың дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін сізге мамандандырылған ХҚКО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алу қажет. Мерзімі өткеннен кейін ауыстыратын жүргізуші куәлігі болса, жүйке-психикалық және наркологиялық диспансерден анықтама, сондай-ақ 073 нысандағы медициналық анықтама қажет, - деп атап өтті мекеменің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, мамандандырылған ХҚКО-ның құжаттарды беру бөлімі ескі жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжатты, электронды чекті және мемлекеттік баж салығын төлеу актісін ұсынады. Жүргізуші куәлігінің мемлекеттік баж салығы өзгеріссіз қалады – 1,25 АЕК мөлшерінде. Айтпақшы, 2021 жылдың басынан бері облыстағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 82 мыңға жуық жүргізуші куәлігі берілген.

Следующая →