Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ауылдарында су құбырларын салуға 75 млрд теңге жұмсалмақ

2025 жылға дейін 84 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, тағы 30 елді мекен ескісін қалыпқа келтіреді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / 75 млрд тенге планируют пустить на прокладку водопровода в селах ВКО
Фото:
Региональная служба коммуникаций ВКО

Өңір билігінің хабарлауынша, 2015 жылдан бастап сумен жабдықтау объектілерін салу мен қайта жаңартуды қаржыландыру көлемі сегіз есеге артты, халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілуі 85% - дан 96,5% - ға дейін өсті және бұл көрсеткіш бүкіл ел бойынша жоғары, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Қала мен ауыл арасындағы жағдайды теңестіру үшін 2015 жылдан бастап 288 мың тұрғынды қамтитын 294 ауылда су құбыры салынды, - делінген ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламасында. - 2025 жылға дейін 84 ауылдық елді мекенде су құбырын салу, 30 ауылда қайта жаңарту жоспарлануда. Бұл мақсатқа 75 млрд теңге қажет болады. 2025 жылға қарай барлық елді мекендерді сумен қамту мақсаты тұр. Ағымдағы жылы 55,2 млрд теңгенің 63 жобасын жүзеге асыру жоспарланған, 48 нысан іске қосылады.

Шағын ауылдарда суды тазарту мен таратудың Блокты-модульді станциялары орнатылады. Өткен жылы 51 станция орнатылды, биыл — 52 (484,5 млн теңге), келесі 2 жыл ішінде осындай тағы 70 станция орнатылады.

Следующая →