Елімізде вакцинация қарқыны бойынша ШҚО көш бастап тұр
Билік аймақтағы жүз мыңнан астам адамды американдық Pfizer вакцинасымен егуді жоспарлап отыр
Ресми деректер бойынша, бүгінгі күні міндетті вакцинациялауға жататын халықтың 99,7 пайызы егілді, 343 стационарлық кабинет, сондай-ақ екпе алуға болатын мобильді және жылжымалы пункттер жұмыс істейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Алдағы уақытта вакцинацияның екінші кезеңі аяқталады.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов хабарлағандай, аймақ басқа облыстармен салыстырғанда вакцинацияланғандардың қарқыны мен саны бойынша жетекші орында тұр.
119 мың адамды Pfizer вакцинасымен егу керек, біз бұл мәселені ең қысқа мерзімде шешеміз, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, ол облыста жеткілікті орын саны бар 39 ковид бөлімшесі ашылғанын атап өтті. Қажет болған жағдайда және ең жоғары кезең жағдайында сегіз мың төсек-орын, оның ішінде 800-ден астам реанимациялық төсек-орын орналастырылатын болады.