Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстанда "Қыс-2021" республикалық оқу-жаттығуы өтуде

Ауқымды іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, аумақтық қорғау қызметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының министрлігі мен басқармаларының қызметкерлері қатысады

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / В Восточном Казахстане проходят республиканские учения "Қыс-2021"
Фото:
ДЧС ВКО

11 қарашада төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау мақсатында қысқы кезеңде "Қыс-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ауқымды іс-шараға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары - ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, құрылымдық бөлімшелер, ҚР ТЖМ басқармалық бағынышты мемлекеттік мекемелерінің күштері мен құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен басқамалары қатысады. Оқу-жаттығуларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков басқарады.

Оқу-жаттығу екі кезеңде өтеді. Біріншісі кіріспе жұмысын қамтиды. Штабтық жаттығу АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру, басқаруды ұйымдастыру, жинау, қорыту, сондай-ақ қысқы күрделі метеорологиялық жағдайдың салдарын жоюға шешімдер қабылдау және құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жүйелі пысықтаумен өткізілді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңі шеңберінде 11 қарашада өңірде теле-радиоарналарды ұстап қалумен және электросиреналарды іске қосумен құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілді.

"Қыс-2021" РКШО екінші кезеңі - оқу орындарында авариялық-құтқару жұмыстарын практикалық жаттықтыру.

Фото:
ДЧС ВКО
Следующая →