Қазақстанның 10 өңірі "жасыл" аймақта орналасқан
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8432406 адам, екінші компонентін – 7702738 адам алды
Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК 9 қарашадағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қалалары, Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың 909 жағдайы тіркелді (пандемия кезінде барлығы 950 мың 539). 34 науқас қайтыс болды (барлығы 12 мың 291), 1 мың 991 адам коронавирустан сауығып шықты (барлығы 903 мың 834).
Сондай-ақ, елімізде бір тәулік ішінде коронавирустық пневмониямен сырқаттанушылықтың 16 жағдайы анықталды (2020 жылғы 1 тамыздан бастап барлығы 80 мың 372). Екі адам қайтыс болды (барлығы 5 мың 073). 9 қарашаға 39705 адам ( 34414 КВИ және+ және 55291 КВИ -) КВ-дан ем алып жатыр, оның ішінде:
- стационарларда 7317 науқас бар
- амбулаториялық деңгейде - 3432388 науқас
КВИ+ және КВИ - мен ауырғандардың ішінде:
- ауыр халде - 520 науқас
- аса ауыр дәрежедегі жағдайда - 144 науқас
- ӨЖЖ аппаратында- 110 науқас