ШҚО-да полицейлер есірткі жарнамасымен 100-ден астам граффитиді жойды
Тәртіп сақшылары тұрғындардан ғимараттар мен бағаналардағы есірткі жарнамасы, сондай-ақ оны салатын адамдар туралы хабарлауды сұрайды
Аймақ полицейлері, Жас Отан жастар қанатының мүшелері, студенттер мен мектеп оқушылары есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сату бойынша интернет сайттарды жарнамалайтын граффити суреттерін бояу бойынша алдын алу іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осыған байланысты құқықтық тәртіп сақшылары есірткі жарнамасы бар граффитиді немесе оны салумен айналысатын адамдарды анықтаған кезде 102 жедел арнасына немесе 26-42-76 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.Бүгінгі таңда психотроптық заттарды өткізудің байланыссыз схемасы тұрғын үйлер мен басқа да қоғамдық орындардың қабырғаларына есірткі жарнамасы бар граффити суреттерін салу арқылы олардың жарнамасы мен насихатының дамуына әкелді, - деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінде. - Ағымдағы жылдың 10 айында өңір полицейлері есірткі жарнамасымен 100-ден астам түрлі граффитиді жойды.