Pfizer вакцинасының партиясы келесі аптада Қазақстанға жеткізіледі
Қазан айында еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов осы вакцинамен егу науқанын бастау туралы Қаулыға қол қойды
Pfizer вакцинасын Қазақстанға қараша айының ортасына дейін жеткізеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шонанов.
Ағымдағы жылдың 8-14 қараша аралығында Pfizer вакциналарын жеткізу күтілуде, - деді Шаронов бейсенбіде үкімет аясында журналистерге.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда Pfizer вакцинасымен 12 жастан асқан балаларды олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдердің ерікті келісімімен егу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті, ал қазан айында еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ердан Қиясов осы вакцинамен егу науқанын бастау туралы Қаулыға қол қойды. Қазақстан 4 млн доза Pfizer жеткізуге келісімшарт жасады.