Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аймақтық басқару орталығының мерейтойын Өскеменде атап өтті

«Аумақтық басқару орталығы» болып өзгертілген бұрынғы «жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің» құрылғанына 25 жыл толуына орай осы саланың ардагерлері еткен еңбектері үшін марапатталды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Юбилей Центра территориального управления отметили в Усть-Каменогорске
Фото:
Устинка LIVE

Салтанатты рәсімге Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ардагерлері, облыстық орталықтың қалалық бөлімдері мен мекемелерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Бүгінде қалада аумақтық басқару орталығының 10 филиалы жұмыс істейді. Олар облыс орталығының әр түрлі аудандарында орналасқан. Ұзақ және жемісті еңбектері үшін алғыс ретінде АБО ардагерлеріне қала әкімінің құрмет белгісі мен сыйлықтары табыс етілді.

- Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың бастамасымен «Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» арнайы төсбелгісі бекітілді. Ол ұзақ жылдар бойы туған қаласының игілігі үшін жемісті еңбек еткен адамдарға беріледі, - деді салтанатты кештің жүргізушілері.

Шараға қатысушылар қайтыс болған ардагерлерді де естен шығарған жоқ. Олардың есімдерін бір минут үнсіздікпен еске алып, жақын туыстарына марапаттар табысталды. Шара соңында ардагерлерді құттықтап, қала өнерпаздары әннен шашу шашты

Следующая →