2022 жылдың демалыс күндеріне өзгеріс енгізілді
“2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы” ҚР Үкіметінің қаулысы әзірленді
Қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтына 7 қыркүйекке дейін орналастырылды. Бұл Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.
Мына демалыс күндері ауыстырылсын:
- сенбіден, яғни 2022 жылдың 5 наурызынан дүйсенбіге - 2022 жылдың 7 наурызына;
- сенбіден, яғни 2022 жылдың 27 тамызынан дүйсенбіге - 2022 жылдың 29 тамызына, - делінген құжатта.