Қазақстан облыстарының бірінде қалын қар жауып тастады
Жауын-шашынға дайын емес автокөлік жүргізушілеріне көп қиындық тудырды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бір тәулік ішінде Павлодар облысының бірнеше ауданында жарты айлық қар жауды деп хабарлайды сайт NUR.KZ.
Екі күн бұрын қар жауып бастаған. Тәулігіне тоқтамай жауған қардан, көшелер мен ғимараттардың ауласын тазалау мүмкін болмай жатыр, деп желі қолданушылары фото, видеоға тусіріп әлеуметтік желілерге таратуда. Ауа райының қолайсыздығы екібастұздықтарға қатты әсер етті, мұндағы жауған қардың биіктігі 18 сантиметр. Баянауыл ауданының тұрғындары да қысқы ертегіге ерте тап болды.
Қар жауған кезде жолда жүрген автокөлік жүргізушілеріне де сәтсіздік тудырды. Олар әлеуметтік желілерде қардың таңғажайып суреттерімен бөлісті.
Синоптиктердің мәліметінше, жауған қар жақын арада тез еріп, күн қайта жылынады деп сендіреді. Алда «үнді жазы» күтіледі.