ҚР-да вакцинация паспорты жарамды елдердің тізімін бас санитарлық дәрігер атады
6 қазандағы жаңа қаулыға сәйкес Қазақстан иммундау құжаттары республика аумағында жарамды деп танылған мемлекеттердің тізбесін 13-ке дейін кеңейтті
CОVID-19 вакцинациялау паспорты Қазақстан аумағында жарамды елдердің тізімін Аргентина, Иран, Армения, Беларусь, Сан-Марино және Эстония толықтырды.
Тиісті қаулыға сәрсенбіде Республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қол қойды.
Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинациялау паспорттары, сертификаттары, анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын, - делінген сәрсенбіде таратылған қаулыда.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
11 маусымнан бастап Қазақстанда Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының паспорттары сертификаттары вакцинация анықтамалары жарамды деп танылды. Қыркүйек айының басында бұл тізімді Грузия, Қырғызстан, Молдова және Түркия толықтырды.