Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
521.67
+4.76
592.46
+6.13
¥
71.42
+0.76
6.32
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнің әуежай жолағы жөндеуден өтіп жаңартылды

Қайта жаңартудан кейін оның ұзындығы шамамен үш мың метрге жетеді, ал ені 60 метрге дейін ұлғайтылды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Взлетно-посадочную полосу обновили в аэропорту Усть-Каменогорска
Фото:
В.Иванов / УстинкаLIVE

Облыс орталығындағы әуежай кешенін қайта жаңарту жұмыстары мамыр айында басталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Әуе айлағы әкімшілігінде айтылғандай, жаңарту "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Енді біз ұшу-қону жолағының күрделі жөндеуін аяқтадық. Ол барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілді. ҰҚЖ 2800 метрге дейін ұзартылып, 60 метрге дейін кеңейтілді. Қайта құру - уақыт талабы, ұшу-қону жолағы ескірген, ол 25 жылдан астам күрделі жөндеусіз жұмыс істеп келеді. Жаңартудың арқасында біз енді Boeing-767 және Airbus-330 сияқты ұшақтарды қабылдай аламыз, - деді "Өскемен әуежайы" АҚ президенті Николай Короленко.

Сондай-ақ, Николай Короленконың айтуынша, қайта құру аясында жаңа автотұрақтар жабдықталды, қажетті стандарттарға сәйкес келетін жарықтандыру қондырғылары орнатылды.

Жылдың соңында біз бақылау - өткізу пунктінің, апаттық-құтқару станциясының, жүк қоймасы мен уақытша сақтау қоймасының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ периметр бойынша жарықтандыруды орнатуды аяқтағымыз келеді, бейнебақылау орнатамыз. Болашақта біз жүк тасымалдауды дамытуға жүк компанияларын тарта аламыз. Жалпы, әуежайдың жаңартылуы жаңа класты ұшақтарды қабылдауға және жолаушылар тасымалын арттыруға мүмкіндік береді, - деп жалғастырды Николай Короленко.

Өскемен әуе айлағы әкімшілігінің хабарлауынша, әуежай өз жұмысын толықтай қалпына келтірді, жазғы кесте бойынша рейстер орындалуда. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына тұрақты ішкі рейстер үшін Эйр Астана, Scat және Qazaq Air тартылды. Николай Короленконың айтуынша, Мәскеу мен Новосібірге ұшатын рейстер санын көбейту жоспарлануда. Жаңартылған ұшу-қону жолағы пайдалануға берілгеннен кейін әуежай басшылығы басқа бағыттарға ұшатын рейстер санын көбейтуге ниетті.

Следующая →