Санақтан онлайн өткендер қатары 6 миллионнан асты
Осылайша бүгінгі таңда елімізде санаққа қатысқан халық үлесі 31,8%-ды құрап отыр
sanaq.gov.kz сайтындағы мәліметке сүйсенсек, 28 қыркүйектегі ақпарат бойынша елімізде 6 млн-нан астам адам халық санағынан онлайн өткен.
28 қыркүйек сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 6044448 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 5223509-ы sanaq.gov.kz сайтында, 584586 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 236353 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты, - делінген ҚР Ұлттық статистика сайтында.
Айта кеткен жөн, санақтан онлайн өтпегендер 1-30 қазан аралығында үй-үйді аралап жүретін интервьюерлер сауалнамасын толтырулары керек.