Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде Tedx форматында жастармен кездесу өтті

"Шығыс - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласының "Зерек" орталығында "Altai jastary 2.0" атты TEDx форматында кездесу өтті

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Өскеменде Tedx форматында жастармен кездесу өтті
Фото:
"Шығыс - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінен

Кездесуге Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарының белсенді студенттері қатысты. Ғимаратқа кіру "Ашық" қосымшасы арқылы жүргізілді және барлық санитарлық талаптар ескеріліп, әлеуметтік арақашықтық сақталды.

Сондай-ақ, "Шығыс - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Маржан Бахытқызы мен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ "Алтай жастары" медиа орталығының жетекшісі Айгүл Базарова кездесуге қатысқан белсенді жастармен мотивациялық бағыттағы ойларымен бөлісті.

Мотивация - өмірдің мәні және кез келген жетістікке жетудің жолы. Спикерлер де өз саласында белгілі бір жетістіктерді бағындырып, жауапты қызмет атқарып отырғаны белгілі. Сондықтан да айтары бар, жастарға берері мол кездесу болды.

Қатысушылар спикерлерге көкейкесті сауалдарын қойып, шара сұрақ-жауап форматындағы еркін сұхбат түрінде өрбіді. "Шығыс - Адалдық алаңы" жобалық кеңесінің жетекшісі Маржан Бақытқызы кездесуге келген студенттер жетістікке жетудегі басты мотивациялық 5 кеңес ұсынды.

Жастарға жетістікке жету жолында берер ең басты 5 кеңесім: 1) Білім алуға, диплом алып жақсы бір маман иесі болуға тырыс. Сол үшін талмай еңбек ет. 2) Намысты, өрлі, өршіл бол. 3) Мақсаттылық, шешімділік, табандылық, бастамшылдықты бойына сіңір. 4) Көзінді ашып, дүниетанымыңды кеңейт. 5) Еліктейтін тұлға болса, соған қарап бой түзеп, "ол жеткен жетістікке мен де жетемін" деген ұранмен өмір сүр, - дейді Маржан ханым.

Аталмыш кездесуге қатысқан студенттердің көздерінде от жанып, өздерінің алдына қойған мақсат-міндеттерін айқындап алған тәрізді. Биік жетістіктерге жетіп, еліне, жеріне қызымет етудің жарқын үлгісін көрді. Сарқылмас күш-қуат, мотивация алып қайтты.
Следующая →