Парламент мүгедектерге күтім жасаушылардың жәрдемақысы туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады
Қазір бірінші топтағы 66 мың мүгедек адамның әр үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтамасыз етілмеген
Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылдады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі.
Құжатта бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға жәрдемақы енгізу көзделеді.
Қазіргі уақытта бірінші топтағы 66 мың мүгедек адамның әрбір үшінші бөлігі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтамасыз етілмеген. Бұл комадағы адамдар, мүгедектер және т.б. Заңды қабылдау нәтижесінде сырттан тұрақты қамқорлыққа мұқтаж 24 мың адам күтіммен қамтылады. Жаңа жәрдемақыны еңгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов.
Сондай-ақ, түзетулерде Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға бір мезгілде құқық беру көзделген.
Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде ала алады. Алайда, екі ата-ананың біреуі қайтыс болған кезде, бала асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы немесе мүгедектік бойынша жәрдемақы ала алады. Жәрдемақының екі түрін бір мезгілде тағайындау ата-анасынан айырылған балаларға қатысты кемсітушілік практиканы жоюға мүмкіндік береді, - деп нақтылады ведомство басшысы.
Оның мәліметінше, аталған норманы енгізген кезде 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қатар асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады. Түзетулердің қабылдануымен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегін сақтауға рұқсат етіледі.
- Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұр. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүгедек кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда, - деп хабарлады Шапкенов. Құжатты Парламент Мәжілісінде талқылау барысында депутаттар құжатқа бірқатар нормалар еңгізді. - Атап айтқанда, "мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңға мүгедектің өзінің қажеттіліктерін бағалау негізінде мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын жасауды көздейтін түзету еңгізілді. Сондай-ақ, ымдау тілі, жеке көмекші, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек құралдарымен, техникалық оңалту құралдарымен қызмет көрсету тәртібін және оларды ауыстыру мерзімдерін анықтау бөлігінде жаңа құзыреттер айқындалды.