ШҚО-да 10 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтеді
Биылдан бастап балабақшалар, мектептер, колледждер мен ЖОО-лар оқыту сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін бақылау үшін қайтадан аттестациядан өтеді
ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ботагөз Райымбекова білім беру ұйымдарына әкімшілік жүктемені төмендету үшін мемлекеттік аттестаттауды объектілерге бармай-ақ профилактикалық бақылау ретінде өткізетінін хабарлады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық ұйымдар бес жылда бір рет аттестаттауға жатады. Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын, орта білім беретін мектептерді, сондай-ақ ТжКБ ұйымдарын аттестаттаудан өткізетін болады. Ал жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті аттестаттайды.
Ботагөз Райымбекованың айтуынша, биылғы жылдың екінші жартыжылдығында ШҚО-ның 10 білім беру ұйымы, оның ішінде төрт балабақша, бес мектеп және бір колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтуге жатады.
Бірінші кезекте, білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметіне өзін - өзі бағалау жүргізуі және өз құзыреті шегінде Департаментке мемлекеттік аттестаттауды жоспарланған күнге өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей материалдар ұсынуы тиіс, - деп түсіндірді спикер. - Бұдан әрі аттестаттау комиссиясы өзін-өзі бағалау материалдарына талдау жүргізеді. Білім беру ұйымдарының мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары, білікті қызметкерлердің болуы, қолжетімді білім беру үшін жағдайлар жасау, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық база мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде зерделеудің негізгі бағыттары мен объектілері болады. Комиссия мүшелері өзін-өзі бағалау мәліметтерін ұлттық білім беру деректер базасында, "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінде, "Күнделік" цифрлық білім беру платформасында, алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелерімен бару арқылы, білім беру ұйымдарының ресми сайттарымен салыстырады.
Нәтижелері бойынша жұмыстағы кемшіліктер мен ескертулер, қорытындылар мен әдістемелік ұсынымдар туралы ақпараттан қорытынды берілетін болады.