Аурухана мен емханада фото және бейнежазба түсіруге рұқсат берілді
Бүгін мемлекеттік бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жария етілді
Фото:
Архив редакции
Қазақстанда 20 қыркүйектен бастап медициналық мекемелер мен жедел жәрдем көліктерінде бейнежазба мен фото түсіруге тыйым салынған заң күшін жойды.
Атап айтқанда, ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, "денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдемде, үй-жайларда, медициналық қызметкерлердің үйде медициналық көмек көрсетуі кезінде, эпидемиологиялық тергеу жүргізгенде, науқастар мен байланыстарда сауалнама жүргізгенде науқастар мен медицина қызметкерлерінің келісімінсіз аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуді шектеу туралы" тармағы алынып тасталды.
Бұл тыйым пандемияның басталғанда 2020 жылдың сәуірінде енгізілген болатын.
Сондай-ақ, жаңа қаулыға COVID-19 жұқтырған адамдармен байланыста болғандар үшін жаңа карантин ережелері енгізілді.
Следующая →

- Бұл қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйек күні, сағат 00:00 -ден бастап күшіне енеді, - делінген құжат мәтінінде.