Өскемен
Бұлтты
-17°
  • Өскемен
    -17°
  • Семей
    -14°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -17°
  • Астана
    -18°
  • Ақтөбе
    -14°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    -2°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -15°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    -6°
  • Түркістан
    +1°
  • Орал
    -17°
  • Шымкент
    +3°
$
490.58
-1.30
584.77
-1.06
¥
71
-0.18
6.34
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Экология министрлігі Қазақстандағы ластанған қалалардың мәселесін шешуді ұсынды

Ведомство экоактивистермен және өңірлердің жұртшылығымен бірлесіп, 17 Жол картасын әзірледі, онда 485 іс-шара көзделген

Қазақстанда неғұрлым ластанған 10 қаланы газдандырып, баламалы энергия көздеріне көшіру қажет, деп санайды Экология министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов.

- Орта мерзімді перспективада неғұрлым ластанған 10 қаланы газдандырып, энергияның баламалы көздеріне көшіру қажет, - деді Жолдасов бейсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, "Қазгидромет" экологиялық мониторингінің нәтижелері 2020 жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен 10 ірі қала атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары аймаққа жататынын көрсетті.

- Бұл Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Қалалардағы ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болады. Мәселен, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында ластанудың негізгі пайызы жылу көздеріне (қазандықтар), Автокөлікке және жеке секторға тиесілі. Өскемен мен Теміртауда эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Жоғары ластанудың себебі Ақтөбе мен Атырауда ескірген кәріз-тазарту құрылыстары болып табылады, - деді Жолдасов.

Оның айтуынша, министрлік экологиялық мәселелерді және оларды аймақтардың жұртшылығымен, әсіресе экоактивистермен шешу жолдарын қарастырды. Талқылау нәтижелері бойынша 17 жол картасы әзірленді, онда 485 іс-шара көзделген. 2021 жылы 95 іс-шара өткізу жоспарланған. 2025 жылға қарай жол карталарын іске асыру 10 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл атмосфералық ауаның жай-күйін жақсартуға ықпал ететін болады.




Следующая →