Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ер адамды құтқарған полиция қызметкері медальмен марапатталды

Алтай ауданының аға лейтенанты Әлия Анаева адам өмірін құтқарғаны үшін лайықты марапатқа ие болды - ол өзін-өзі өлтіруге тырысқан азаматты сөзбен алдап, алаңдатқан

10 қыркүйекте ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Оңарбеков ШҚО ПД Алтай ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы Әлия Анаеваға ҚР ІІМ-нің "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

12 тамызда сағат 7.45-те Алтай қаласында таңертең жұмысқа бара жатып, ол ер адамның Курчатов көшесіндегі көпқабатты үйдің терезесіне көтеріліп, үшінші қабаттан секіруге тырысып жатқанын көрген. Карнизде тізе бүгіп, ер адам қазір төмен секіреді деп айқайлай бастады. Бір минутты жоғалтпай, Әлия Анаева оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлап және ер адаммен сөлесіп оны тыныштандырып, кенеттен қимыл жасамауға көндіре бастаған. 

Оқиға орнына бес минуттан кейін Алтай ауданының патрульдік полициясы взводының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Айхан Ауталипов пен кіші лейтенант Қуат Байшоков келді. Ғимаратқа кіріп, тәртіп сақшылары құтқару операциясын бастады. Үшінші қабатқа көтерілген Қуат Байшоков ер адамнан терезеден алыстауды өтініп, содан кейін Айхан Ауталипов ер адамды алаңдатып, қолынан ұстап, терезеден бөлмеге сүйреп апарған. Кейін полицейлер ер адамның қатты мас күйде болғанын анықтады. Тәртіп сақшылары оны ауруханаға жеткізді, онда психологтар онымен жұмыс істей бастады. Алғашқы минуттан бастап құтқару операциясының соңына дейін полиция аға лейтенанты Әлия Анаева ер адаммен сөйлесіп, оны жаман ойлардан алшақтатып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

- Ол өзі үшін дұрыс тұжырым жасап, өмірдің баға жетпес екенін түсінеді деп сенемін, - деді Әлия Анаева.

Следующая →