Өскемен
ясно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
541.68
-1.12
636.26
-1.58
¥
76.05
-0.14
6.48
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да құтқарушылар күніне арналған TikTok байқауы жарияланды

Облыстық ТЖ департаменті хабарлағандай, жұмыстар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлігін паш етуі тиіс

- Жұмыстар (видео) өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлік кәсібі тақырыбында болуы тиіс және 50 секундтан аспауы тиіс, - деп хабарлады ведомстводағылар. - Жеңімпаздардың бейнероликтері ШҚО ТЖД Instagram ресми парақшасына салынады. 

Конкурсқа қатысуға өтінімді 2021 жылғы 19 қыркүйектен 17 қазанға дейін беруге болады.

- 17 қазанда біздің Instagram парақшамыз жабылады, конкурс тоқтатылады. 19 қазанда жеңімпаздар жарияланады, - дейді ШҚО ТЖД.

Байқау шарттары: 

  • TikTok түсіру (қатысушылар 10-13 жас аралығындағы балалар болуы мүмкін);
  • ШҚО ТЖД Instagram @shygysqaz_tjd парақшасына жазылу; 
  • TikTok-та орналастырылған дайын бейнені сілтемелермен электрондық поштаға жіберу gvvk_dchs_vko@emer.kz, қатысушы аты-жөнін және жасын, байланыс телефонын көрсету.

Байқауда үш жеңімпаз болады. 1, 2, 3-орын алғандарға марапаттар мен грамоталар тапсырылады.

- Жұмыстарды конкурсқа беру авторлардың және олардың заңды өкілдерінің конкурс шарттарымен келісетіндігін білдіреді. Конкурсқа қатысу үшін берілген жұмыстар қайтарылмайды. ШҚО ТЖД авторларды көрсете отырып, авторлық жұмыстарды пайдалану құқығын өзіне қалдырады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД-да. 

Ұйымдастырушылармен байланыс: 

● тел. 87779772121 – Марина, 87052010678 - Наталья 
● E-mail: gvvk_dchs_vko@emer.kz 
● instagram @shygysqaz_tjd

Следующая →