АҚШ президенті Тоқаевты ядролық полигонның жабылуының 30 жылдығымен құттықтады
Байден Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін жоғары бағалады
АҚШ президенті Джозеф Байден Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай Қазақстан Президентін құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- 29 тамыз күні Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан халқына ең ізгі құттықтауымды білдіргім келеді. АҚШ бұрынғы сынақ полигоны аймағын қалпына келтіру мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сіздің үкіметіңізбен арадағы жалғасып жатқан ынтымақтастықты қоса алғанда, Қазақстанмен берік серіктестігін нығайта бермек. АҚШ Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап Семей аймағында әріптестік қарым-қатынаста жұмыстар атқарып келеді, - деп жазады АҚШ Президенті.Джозеф Байден қауіп-қатерді бірлесіп азайту жөніндегі Нанн-Лугар бағдарламасы шеңберінде Кеңес Одағынан қалған ядролық сынақтар инфрақұрылымының мұрасын жою жөніндегі екі елдің бірлескен жұмысын, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және таратпау жөніндегі міндеттемелерге беріктігін жоғары бағалады.
- Америка Құрама Штаттары Сіздің еліңізбен достықты мақтан тұтады. Мен серіктестігіміздің әлеуетін толық және жемісті іске асыру мақсатында сізбен ынтымақтастықты жалғастыруға сенемін, – делінген Америка басшысының хатында.
Тақырыптар:
Президент США Джозеф Байден Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев Закрытие Семипалатинского ядерного полигона