Бекшин екпе құжатың сатып алғандар COVID-19-ға қарсы екпені қалай алатынын айтты
Санэпидбақылау департаментінің басшысы, Алматының бас санитар дәрігерінің айтуынша, ковидті науқастарды емдеу мемлекетке оларға қайта екпе жасаудан гөрі қымбатқа түседі деген
Қазақстанда жалған екпе құжаттарын сатып алғандар, өз қателіктерін мойындаса, CОVID-19-ға қарсы екпе ала алады, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Бекшиннің айтуынша, мемлекет үшін екпе алу covid-19 пациентін емдеуге қарағанда арзан.
Бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі covid-19 екпесінің жалған құжаттарын сатып алған, бірақ өз қателіктерін түсінген және екпе алғысы келетін тұлғаларға рақымшылық жасау мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.
Следующая →
- Азаматтардың аздаған бөлігінде осындай жағдайлар орын алады, олар жалған екпе құжаттарын сатып алып қателік жібергендерін түсінеді, қайта екпе жасату үшін, сіз егу пунктіне келуіңіз керек. Ия, олар өз жіберген қателіктерін түсінеді және олар барлық азаматтар сияқты егіледі, - деді Бекшин сәрсенбі күні өткен брифингте.
Бекшиннің айтуынша, мемлекет үшін екпе алу covid-19 пациентін емдеуге қарағанда арзан.
- Егер науқас ауырып қалса, біз шығындарды көтеріп, оны жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуымыз керек. Сондықтан бұл тұлғалар міндетті түрде егілетін болады, - деп қосты ол сөзінде.
Бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі covid-19 екпесінің жалған құжаттарын сатып алған, бірақ өз қателіктерін түсінген және екпе алғысы келетін тұлғаларға рақымшылық жасау мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.
Тақырыптар:
Коронавирус в Казахстане Вакцинация от коронавируса Подделка паспорта вакцинации Главный санврач Алматы Жандарбек Бекшин