2021-2022 оқу жылына білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
Барлығы 75 мыңнан астам үміткер бақтарын сынады. Олардың ішінде 8 мыңы "Алтын белгі" иегерлері, 800-ден астам олимпиада жеңімпаздары, 520 халықаралық дәрежедегі спорт саңлақтары бар
Гранттар республикалық комиссияның қорытынды отырысының шешімімен үйлестірілді. Комиссия құрамына мемлекеттік орган өкілдері, үкіметтік емес ұйым қкілдері, журналистер, "Отандастар" қорының өкілдері, Қазақстан студенттер альянсының өкілдері кірді.
Барлығы 75 мыңнан астам үміткер бақтарын сынаса, биылғы жылы сұраныс көп мамандықтар қатарына "Денсаулық сақтау", "Білім беру", "Информациялық комминукациялвар", "Құқық", "Дизайн" салалары енді. Үміткерлер арасында 8 мың "Алтын белгі" иегерлері, 800-ден астам олимпиада жеңімпаздары, 520 халықаралық дәрежедегі спорт саңлақтары болды. Өзге үміткерлермен балл көрсеткіштері тең түскен жағдайда басымдық аталмыш категориядағы талакерлерге берілді.
Биылғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына орай елімізде алғашқы мәрте аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, толық емес отбасынан шыққан балаларғға арнап арнайы квота бөлінген болатын.
Білім беру гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемелерден көре аласыздар:
ҚР БжҒМ телеграмм каналы https://t.me/bilim_jane_gylym
Республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің сайты: https://egemen.kz/
Республикалық "Казахстанская Правда" газетінің сайты: https://www.kazpravda.kz/
Ақпараттық портал https://tengrinews.kz/
Следующая →

- ҚР Білім және ғылым министрлігі жыл сайын грант иегерлерінің білім сапасына жіті назар аударады. Болашақ педогогтарғға деген талап күшейіп келеді. Педогогикалық мамандықтарға түсу үшін кемінде 75 балл жинау керек. Соған қарамастан ұстаздық жолды таңдаған талакерлер саны жыл санап артып келеді, – дейді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Биылғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына орай елімізде алғашқы мәрте аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, толық емес отбасынан шыққан балаларғға арнап арнайы квота бөлінген болатын.
- Аталмыш санаттағы азаматтар арасында асыраушысынан айырыған балалар гранттарға ие болды. Әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға квота аясында тегін білім алу мүмкіндігі берілді. Мысалы, педагогикалық мамандықтарға 11 мың білім гранттары бөлінсе олардың бір мыңы квота аясында берілді, – дейді Қуаныш Ерғалиев.ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес биылғы жылы гранттар саны былтырмен салыстырғанда 5 мыңға артық. Былтыр білім беру гранттары 51 мың болса биыл 56 мыңға дейін өсті. Барлық грант иегерлері ағымдағы айдың 25-не дейін здері оқитын білім ордасына құжаттарын тапсырулары керек.