Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО құрылысшыларын кәсіби мерекемен құттықтады

Құрылысшылардың ерен еңбектерінің арқасында қалаларымызда сәулетті ғимараттар бой түзеп, ауыл-аймақтарымызда түрлі бағдарламалар арқылы салынған баспаналар ел игілігіне беріліп жатыр

Биыл Шығыс Қазақстан облысы бір миллион шаршы метр тұрғын үй салу межесін бағындырды. 

 Бүгінгі таңда "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 500-ден астам көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Бұдан бөлек, қазір облыс бойынша маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды салу, жөндеу және қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Үржар әуежайы, Тұрғысын су электр станциясы, Семей мен Глубокое кентіндегі қазандықтар, гематологиялық орталық және балаларды оңалту орталығы, үш орта мектеп, 7 студенттік жатақхана және кәсіптік білім алып жатқан студенттер тәжірибелерін шыңдайтын 10 орталық, төрт қабатты теннис орталығы, Риддер, Семей және Өскемен қалаларындағы үлкен шағын аудандарды дамыту және т.б. жобалар бар. Елді мекендерге де ерекше көңіл бөліп келеміз. Дәл бүгінгі таңда облыс ауылдарында 30-ға жуық жаңа әлеуметтік-мәдени нысан салынып жатыр. Олардың қатарында мәдениет және спорт нысандары, су құбырлары, жолдар мен тұрғын үйлер және тағы басқа да әлеуметтік маңызға ие нысандар бар.

- Құрылыс, әсіресе тұрғын үй құрылысы аймақтың табысты әлеуметтік-экономикалық дамуының және облыс тұрғындары әл-ауқатының жақсарғанын байқататын үздік көрсеткіштердің бірі екенін ерекше атап өткім келеді. Осының бәріне Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жетіп отырмыз, - деп атап өтті өңір басшысы Даниал Ахметов. - Құрметті құрылыс саласының мамандары! Сіздер алдағы уақытта да өңіріміздің өркендеуіне үлес қосып, облысымыздың құрылыс саласына қомақты олжа салатындарыңызға бек сенімдімін. Бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге таусылмас табыс, отбасыларыңызға ортаймас ырыс тілеймін!
Следующая →