Қазақстанда COVID-19 жұқтыру жағдайы кейінгі екі аптада 2,5 есеге артқан
Қазақстан 26 маусымнан бастап "қызыл" аймақта. Он үш аймақ – өршу қаупі бар аймаққа саналса, төрт облыс "сары" және "жасыл" аймақта
Елімізде кейінгі екі аптаның ішінде жаңадан пайда болған COVID-19 «дельта» штаммының әсерінен коронавирустық сырқаттану 2,3 есеге өсті, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.
Дельта штамы Қазақстанда алғаш рет 21 маусымда анықталды.
Следующая →
- Соңғы екі аптада "дельта" штаммының таралуын ескере отырып, аурудың 2,3 есеге өскенін байқаймыз. Сонымен бірге, барлық облыстарда аурушаңдықтың артқанын ескертемін. Маусым айымен салыстырғанда орташа айлық аурушаңдық 4,4 есе өсті, - деді Айжан Есмағамбетова жұма күні өткен баспасөз жиынында.Ол ақпаратқа сәйкес, Қазақстан 26 маусымнан бастап "қызыл" аймақта екенін, оған қоса 13 өңір қауіпті аймақта, төрт облыс "сары" және "жасыл" аймақта екенін айтты.
Дельта штамы Қазақстанда алғаш рет 21 маусымда анықталды.
Тақырыптар:
Коронавирус в Казахстане ПЦР-тест Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения РК Delta-штамм