Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Бір ғасыр тұрған мешіт жөнделмек

Бесқарағай ауданындағы Ақкөл ауылындағы бір ғасырдан астам тарихы бар сәулет ескерткіші қирау алдында тұр. Оның ерекшелігі, ағаштан салынған ғимаратта бірде-бір шеге қолданылмаған

Ақкөл ауылында қазір екі үй ғана қалған. Солардың бірі зейнеткер Гүлшира әжей мешітті қараусыз қалдырмас үшін ешқайда көшкісі жоқ.

Бұл мешітті осыдан 114 жыл бұрын жергілікті Сұлтан Фазылбеков есімді азамат салған екен. Ғимараттың құрылыс жұмыстарына Башқұртстанның ең мықты деген сәулетшілерін жұмылдырыпты. Ал құрылыс материалдары бүкіл Ертіс жағасындағы елді мекендерден жеткізілген көрінеді. Ғимарат мешіт ретінде 10 жыл ғана пайдаланылған, кейін Кеңес үкіметінің тұсында мұнда бастауыш мектеп болған.

  Тас жолдың бойында орналасқандықтан жолаушылар бұл нысанға қызығып, әдейі тоқтап, тіпті құлшылық жасайтын көрінеді. Осыдан үш жыл бұрын бұл ғимаратқа облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының мамандары да қызығушылық танытыпты. Нысанды жан-жақты зерттеген олар, мұнда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жөндеу жұмыстарын жүргізетін болып шешкен-мыс.

  Бірақ қанша уақыт өтсе де ешқандай шаруа атқарылмаған, қаңыраған ғимарат иен жатыр. Ал осы ауылда әке-шешесі немесе ата-әжесі тұрған азаматтар биыл бас көтеріп, мешітті өз еріктерімен қалыпқа келтіре бастаған.
- Екі-үш рет осы нысанды қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынғанымен, аяқсыз қалып отырды. Енді биыл осы ауылдың тумалары бастама көтеріп, аяғына дейін жеткізуге бел буды. Енді күтсек, шіріген ағаштары құлап қалушы еді. Бастапқыда еріктілер таңнан кешке дейін келіп жұмыс істеп жатқан еді. Қазір сенбі-жексенбі бір уақытта жиналып, ас беріп, жүргізіп жатыр, - дейді игі істің басы-қасында жүрген Тас мешіттің имамы Нұрбек аға.
Имамның айтуынша, ауылдың негізгі тарихи атауы – Аққолтық. Бұрын бұнда 70 үй тұрған.

- Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы қазір мешітке қандай ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуі керектігін анықтау үшін сараптама жасап жатыр. Жұмыстары айдың аяғына дейін аяқталып, құжаттары дайындалады, - дейді Бесқарағай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Назира Идрисова.
Следующая →