Нұр-Сұлтанда Құрбан айтты үйде де тойлауға болмайды
Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Биыл Құрбан айт мерекесі 20-22 шілде күндеріне түсіп отыр
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқат Бейсенова "Құрбан айт" мұсылман мерекесін тойлау күндеріндегі шектеу іс-шаралары туралы қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары "Құрбан айт" мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға, оның ішінде үйде де өткізуге тыйым салынады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының діни істері басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктерінің басшыларына, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшыларына: мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде"Айт намазы" ұжымдық намазын өткізуге тыйым салу.
Құрбандық шалу рәсімін онлайн режимінде (qurban2021.kz сайты арқылы) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда (сою пункттерінде) ұйымдастырылып, өткізіледі.
Айт барша мұсылмандандың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкиген шалға дейін сезінуі тиіс. Сыйлықтар таратылып, мерекелік мәдени шаралар ұйымдастырылуы абзал амалдардан.
Қазақстанда діни мерекелер - Құрбан айт пен православиелік Рождество - демалыс күндері. Құрбан айт мейрамын тойлау күні жыл сайын өзгеріп отырады, өйткені мұсылман хронологиясы ай күнтізбесіне негізделген.
Следующая →