Жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді қандай өзгерістер күтуде?
Жаңа оқу жылын ұйымдастырудың өзекті мәселелері «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды
Өткен кездесудің басты тақырыбы білім берудің оффлайн форматына толық көшу туралы болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова бүгінде білім беру саласындағы басым міндеттердің бірі – офлайн оқуға оралу екенін, бірақ ол барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалуы тиістігін атап өтті.
Мәжіліс барысында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов хабарлағандай, педагогтар мен қызметкерлерді 100% вакциналаумен қамтамасыз еткенде ғана мектептер дәстүрлі оқыту форматына көше алады.
Следующая →

- Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды. Жоғары оқу орындарына келсек, 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуы тиіс, - деді Ерлан Қиясов.Кеңес мүшесі, "Республикалық физика-математика мектебі" КЕАҚ басқарма төрағасы Ғабит Бекахметов оқушыларды бастауыш, орта және жоғары мектеп блоктарына бөлуді ұсынды. Коронавирус анықталған жағдайда, карантинге бүкіл мектеп емес, нақты блок жабылады.
- Білім беру мекемелерінің басшыларына оқушыларды физикалық түрде бөлуге қатысты нақты ұсыныстар беру қажет. Мәселен, олардың үзіліске шығатын уақыты ғана емес, әр блокта сабақ басталатын және аяқталатын уақыт та әртүрлі болғаны жөн, - деді Ғабит Бекахметов.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, қыркүйек айында еліміздің 7475 мектебіндк жаңа оқу жылын ашу жоспарланып отыр.
Тақырыптар:
Министерство образования РК Традиционный формат обучения Партия Nur Otan Главный санврач Казахстана Ерлан Киясов