Құтқарушылар желді күні Бурабай көлінде қалған туристтерге көмектесті
Ақмола облысының оазисінде демалып жатқан 19 адамға табиғат апатынан қауіп төне жаздады
Шомылу маусымының ең қызған шағында Бурабай көлінде қатты жел тұрды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Кеше кешкі сағат сегізде қайықтар мен катамарандар мінген 19 турист көл ортасында тұрып қалды. Желді күні көтерілген толқынның күштілігі соншалық, олар жағалауға өз бетімен жете алмады.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, демалушыларға көлді күзетіп жүрген құтқарушылар келген. Қуанышқа орай, жеті бала мен он екі ересек адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ешқайсысы зардап шеккендер жоқ.
Следующая →