Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда екі бала мен әйел әжетхана құдығына батып кетті

Алматыда болған қайғылы оқиғаның жай-жапсарын қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады

Екі бала мен бір әйел құдыққа құлап, қайтыс болды, көмекке асығып келген кәмелетке толмағандардың әкесін полиция құтқарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайтында хабарланғандай, патрульдік полицияның екі экипажы дәл сағат 20.00-де келіп түскен дабыл қағуға дереу әрекет етті.
- Жедел кезекшіден шақырту алғаннан кейін, бір минуттан соң сол жерде болдық. Бізге көшедегі әжетханаға бірнеше адам құлап кеткені туралы хабарланды. Әжетхана сыртындағы қоршау алынып, шұңқырға баспалдақ түсірілді. Бірінші болып полиция капитаны Мұрат Кәкібеков төмен түсті. Біз баспалдақ пен оны мықтап ұстап тұрдық. Тереңдігі шамамен үш метр, 1,5 метр деңгейінде толған. Мұрат ер адамның қолынан ұстап, алып шықты. Кейін бірден полиция аға лейтенанты Мадияр Төлембаев төменге түсті. Жедел кезекшіден шақырту алғаннан кейін, бір минуттан соң сол жерде болдық. Бізге көшедегі әжетханаға бірнеше адам құлап кеткені туралы хабарланды. Әжетхана сыртындағы қоршау алынып, шұңқырға баспалдақ түсірілді. Бірінші болып полиция капитаны Мұрат Кәкібеков төмен түсті. Біз баспалдақ пен оны мықтап ұстап тұрдық. Тереңдігі шамамен үш метр, 1,5 метр деңгейінде толған. Мұрат ер адамның қолынан ұстап, алып шықты. Кейін бірден полиция аға лейтенанты Мадияр Төлембаев төменге түсті. Ол бір жасар қызды тапты. Бірақ, өкінішке қрай, бала қаза болған. Сол сәтте құтқарушылар келді. Олар арнайы жабдықтың көмегімен 56 жастағы әйел мен 12 жастағы баланың денесін алып шықты. Отбасы үшін ауыр, орны толмас қайғы болды, - деді патрульдік полиция полкі взводының командирі полиция капитаны Асыл Разбек.
Полицейлердің айтуынша, құтқарылған ер адам "жедел жәрдем" қызметкерлеріне беріліп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. 
- Қайғылы жағдайдың алдын ала мән-жайы анықталды. Бір жасар қыз кешке үйдің ауласында ойнап жүріп, абайсызда көшедегі әжетханаға құлап кеткені анықталды. Мұны көрген 1955 жылы туған әжесі мен 12 жастағы ағасы көмекке келген. Олар баланы шығаруға тырысып, шұңқырға түскен. Кейін балалардың әкесі көмекке келеді. 1980 жылы туған ер адам әжетхана қоршауын құлатып, шұңқырға түседі. Ол балалар мен әжесін шығаруға тырысқан. Алайда өзі есінен танып қалады, - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дидар Аханов.


Следующая →