Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда жүкті әйелдерге вакцина алуға рұқсат етіле ме?

Бұған дейін Ресейде жүкті әйелдерге коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" препаратын алуға рұқсат етілген

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, ведомство жүкті әйелдерді коронавирусқа қарсы вакциналауға тыйым салуды алып тастау мәселесін "қазіргі уақытта қарастырып отырған жоқ", деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Ресейде екпе салуға рұқсат етілгенін білеміз, алайда әзірлеуші Қазақстанға тиісті ұсынымдар жіберген жоқ. Олар жіберілсе, біз дәрігерлер кеңесін өткіземіз, онда тыйым салу немесе рұқсат беру туралы шешім шығарамыз. Мұның бәрі кеңеске байланысты. Қазір Қазақстанда жүкті әйелдерге "Спутник V" вакцинасын алуға тыйым салынған, - деді Байтанаев
Еске сала кетейік, Ресейде жүкті әйелдерге "Спутник V" салуға рұқсат берілді. Мұндай шешім вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелері, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділік пен қауіпсіздік бойынша жинақталған деректер ескеріле отырып қабылданды. 
Следующая →