Қазақстанда жүкті әйелдерге вакцина алуға рұқсат етіле ме?
Бұған дейін Ресейде жүкті әйелдерге коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" препаратын алуға рұқсат етілген
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, ведомство жүкті әйелдерді коронавирусқа қарсы вакциналауға тыйым салуды алып тастау мәселесін "қазіргі уақытта қарастырып отырған жоқ", деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Ресейде екпе салуға рұқсат етілгенін білеміз, алайда әзірлеуші Қазақстанға тиісті ұсынымдар жіберген жоқ. Олар жіберілсе, біз дәрігерлер кеңесін өткіземіз, онда тыйым салу немесе рұқсат беру туралы шешім шығарамыз. Мұның бәрі кеңеске байланысты. Қазір Қазақстанда жүкті әйелдерге "Спутник V" вакцинасын алуға тыйым салынған, - деді БайтанаевЕске сала кетейік, Ресейде жүкті әйелдерге "Спутник V" салуға рұқсат берілді. Мұндай шешім вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелері, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділік пен қауіпсіздік бойынша жинақталған деректер ескеріле отырып қабылданды.
Тақырыптар:
Вакцинация беременных в Казахстане Вакцина "Спутник V" Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения РК