Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ДСМ Қазақстандағы 21 маусымдағы коронавирус бойынша жағдай туралы мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда COVID-19-ға қарсы бірінші екпені 2 744 212, ал екінші екпені 1653 443 адам алған

Денсаулық сақтау министрлігінің Коронавирустық инфекцияны  таратпау жөніндегі мекемесі 21 маусымға арналған Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Қызыл" аймақта (COVID-19 таралуының үлкен қаупі бар) Нұр-Сұлтан қаласы.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау,  Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. 

Шығыс Қазақстан,  Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Қостанай , Солтүсті Қазақстан облыстары мен  Алматы  қаласы  "жасыл" аймақта.

Қазақстан корнавирустың "жасыл" аймағында. Елімізде өткен тәулік бойынша коронавирус жұқтырған 930 (пандемия басталғанан бері 409 580) жағдай ПТР арқылы расталды. 8 адам көз жұмса (пандемия басталғанан бері 4242), 966 (385 043) адам індеттен айығып шықты. 

Сондай-ақ, Республикада өткен тәулікте ПТР тесті теріс  коронавирустың көріністерімен пневмонияның  10 жағдайы тіркелді.  Көз жұмғандар саны 1 (барлық көз жұмғандар саны 3424). 

КВИ-ден ем қабылдауды 21 504 адам жалғастыруда. Оның ішінде: 
    • 6497 науқас ауруханада; 
    •  15007 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ науқастарының ішінде: 
    • ауыр жағдайда - 442 науқас, 
    • ауырлау жағдайда - 86 науқас, 
    • тыныс алу аппаратында - 54 науқас. 
Следующая →