Қарағандыда жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
Аға полиция лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органдарында 26 жыл жұмыс істеген. Үйленген, артында төрт баласы қалды
Патрульдік полиция қызметкері Қарағанды маңындағы тас жолда жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының салдарынан алған дене жарақаттарынан арнайы көліктің жолаушысы, қызмет бабында жүрген облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы, 46 жастағы Хайдар Оразбаев көз жұмса, арнайы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Следующая →
- 15 сәуір таңғы 06.40-та "Екатеринбург-Алматы" тас жолында Балқаш қаласынан Қарағанды қаласы келе жатқан жолдың 45 шақырымында, 41 жастағы азаматтың басқаруындағы Volvo жүк көлігі мен 33 жастағы облыстық патрульдік полиция батальоны инспекторының басқаруындағы Kia Rio автокөліктері соқтығысты, - деп хабарлайды Полиция департаменті.