Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда азық-түлік бағасының шарықтауына жол берген шенеуніктер жазаланады

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 3,2% өсті

- Бұл ретте өткен жылдың сәйкес кезеңінде бағалар 4,8%-ға өсті. Өсімнің 4,1 пайыздық тармағы карантиндік дүрлікпе салдарынан наурыз айында байқалды, – деді Бақыт Сұлтанов.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде бағалар өзгеруі тұрақтанды. Соңғы үш аптада өсім 0,2% құрады. Министр бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында биыл 11 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 45 іс-шарадан тұратын Бағаны тұрақтандыру жөніндегі жол картасы мақұлданғанын еске салды.

"Айналым схемасы" жыл басынан 30% ұлғайтылып, қаржыландыру 24 млрд теңгені құрады. Қосымша 8 млрд теңге бөлу жоспарлануда.  Сонымен қатар, министрдің айтуынша, кейбір өңірлерде әлі күнге дейін жоғары өсім байқалады. 6 сәуірдегі жағдай бойынша ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл облысында 4,2% және Атырау облысында 3,8% орын алды. Ең аз 2,9% өсім Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді. 

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бағаның өсуіне жол бермеу атқарушы органдардың маңызды көрсеткіші болып табылады. Жоғарғы өсім қабылданған шаралардың жеткіліксіздігін көрсетеді, – деді Бақыт Сұлтанов.

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мәселесінің маңыздылығына ерекше назар аударды. Бірінші тоқсанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсуінің ең жоғарғы деңгейі Атырау және Жамбыл облыстарында орын алды. Осыған байланысты Ә.Смайылов осы жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлына және Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Нығмашев Берік Болатұлына қатаң сөгіс беруді тиісті облыс әкімдеріне тапсыруды сұрады.
Следующая →