Әлеуметтік желіде қазақстандықтаң КВИ-ге қарсы екпеден кейін көз жұмғаны туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысының тұрғыны вакцинадан кейін көз жұмғаны туралы ақпарат тарап жатыр
Денсаулық министрлігі Facebook-те тараған ақпарат туралы түсініктеме берді, деп жазды inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының тұрғыны вакцина қабылдағаннан кейін көз жұмды деген мәлімет шындыққа жанаспайды.
Сонымен қатар, біле тұра жалған ақпарат таратушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша 1000 АЕК көлемінде айыппұл арқалайтынын немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылатынын еске салды.
Следующая →
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының тұрғыны вакцина қабылдағаннан кейін көз жұмды деген мәлімет шындыққа жанаспайды.
- 1978 жылғы ер адам 19 қаңтар күні қан қысымының көтерілуінен көз жұмған. Ол ешқандай екпе алмаған. Бүгінге дейін Маңғыстау облысына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жеткізілген жоқ. Алғашқы легін 2021 жылдың 28-29 қаңтарында әкелу жоспарланған. Ол жеткеннен кейін, бірінші кезекте инфекциялық аураханалардың, жедел жәрдемнің, жансақтау бөлімдерінің, науқас қабылдау бөлмелерінің дәрігерлері және санитарлық-эпидемиолгиялық қызметтің мамандары екпе алады. Қайтыс болған адам бұл санаттардың ешбіріне кірмейді, - деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылының тұрғыны екпе алғаннан кейін қайтыс болғаны туралы Facebook-те тарап жатқан ақпарат бойынша.
Сонымен қатар, біле тұра жалған ақпарат таратушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша 1000 АЕК көлемінде айыппұл арқалайтынын немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылатынын еске салды.