Қазақстанда шенеуніктер КВИ-мен күреске бөлінген ақшаны жеп қйоғаны рас па?
Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарастыруда
Онлайн-брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген бірнеше миллион теңгенің ұрлануы бойынша тергеу жүріп жатқанын жариялады. Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Жамбыл облысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Еске салсақ, "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК-ны басқаратын Нұрлан Сбанов жарты миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Сбановқа қатысты наразылық Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметінен туындаған. Еске салсақ, бұған дейін Алматыда экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.
Следующая →

- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты медициналық өнімді өсірілген бағамен сатып алу арқылы пандемиямен күресуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, – деді спикер. Күдіктілердің әрекеттерінен келтірілген шығын 8,7 млн теңгені құрады, деп қоса кетті агенттікте.
Еске салсақ, "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК-ны басқаратын Нұрлан Сбанов жарты миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Сбановқа қатысты наразылық Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметінен туындаған. Еске салсақ, бұған дейін Алматыда экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.
Тақырыптар:
Хищение государственных средств в Казахстане Антикоррупционная служба Управление здравоохранения акимата Жамбылской области