Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұр-Сұлтанда полицейлер 80 адамға арналған тойдың ортасына түсті

Карантин режиміне байланысты отбасылық іс-шараларды, соның ішінде тойларды өткізуге тыйым салынды

Алайда елордалықтар шектеу шараларына қарамастан, той рәсімдерін өткізуде, деп жазды 24.kz. 

"Учаске" жедел алдын алу шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық Полиция департаменті қаладағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан 80 адамға арналған тойдың үстінен түсті. Нәтижесінде "Бибігүл" мейрамханасындағы той үзілді. 

Мейрамхана иесі мен іс-шараны ұйымдастырушы шектеулерді елемей, адамдың денсаулығына қауіп төндірді. Мейрамхана иесі мен шараны ұйымдастырушыға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. 

Мобильді топ тәулік ішінде 246 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 35 карантин режимін бұзу фактісін анықтады. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.  
Следующая →