Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айсулу Мухамедкалиева
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР-да бес мыңнан астам адамның азаматтығы жоқ

Олардың басым бөлігі Қазақстан аумағында бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі паспортпен жүр

Бұл жөнінде БҰҰ құқықтық мәселелер жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының қызметкері Шолпан Олжабаева хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz сайты.


- Біз азаматтығы белгісіз 6 мыңға жуық адамды анықтадық. Олардың арасында қызыл паспорт иелері де бар (Кеңес Одағы - ред). Келесі жылы халық санағы жоспарлануда, біз қандай да бір нәтижелер болады деп үміттенеміз. Алайда, олардың нақты саны белгісіз, оның есебін ешкім жүргізбейді, - деді Шолпан Олжабаева онлайн брифингте.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда Кеңес Одағы кезінде берілген паспортпен қанша адам өмір сүретіні туралы нақты статистика жоқ.

- Бізде ресми түрде мұндай статистика жоқ. Кезінде бұл адамдар қандай да бір себептермен паспортты ауыстыру, Қазақстан азаматтығын растау бойынша мемлекеттік органдарға жүгіне алмады. Олар кейбір шалғай аудандарда тұрады, бірақ біз азаматтығы белгісіз 6 мыңға жуық адамды анықтадық, - деп толықтырды басқарма қызметкері.

Айта кетерлігі, олардың 60%-ы – кейіннен өз мәртебесін растаған Қазақстан азаматтары. 

- Одан басқа, 10%-ы біздің азаматтарымыз емес, олар азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін алады. Сондай-ақ алты мың адамның 30%-ы басқа елдердің азаматтары, яғни олар мигранттар деп айтуға болады, - деді Олжабаева.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің деректері бойынша, 2020 жылдың басынан бастап, соңғы сегіз айда 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттары негізінде (немесе олар жоғалғаннан кейін) 867 адам құжатталған, ал 2019 жылы бұл сан 1 727 адамды құраған.
Следующая →