Өскемен
Қалың бұлтты
-38°
  • Өскемен
    -38°
  • Семей
    -26°
  • Алматы
    -11°
  • Риддер
    -24°
  • Астана
    -31°
  • Ақтөбе
    -17°
  • Ақтау
    -3°
  • Атырау
    -7°
  • Қарағанды
    -31°
  • Көкшетау
    -23°
  • Қостанай
    -16°
  • Қызылорда
    -15°
  • Павлодар
    -25°
  • Петропавловск
    -21°
  • Тараз
    -8°
  • Түркістан
    +1°
  • Орал
    -19°
  • Шымкент
    -2°
$
497.56
-4.19
586.92
-5.04
¥
72.55
-0.80
6.44
-0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Еңбек министрлігі биыл елге қанша қандас оралғаны туралы айтты

Биыл 10 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 9,9 мың адам тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 67,2 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (59,1%) Қытайдан, 25,6%, Өзбекстаннан, 8,8% Түрікменстаннан, 3,5% Моңғолиядан және 3% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (54,6%) және Маңғыстау (12,7%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,1%) қоныстанды.
- Келушілердің 60%-дан астамы еңбекке жарамды жаста, шамамен, 5%-ы ғана зейнеткерлер. Оралман мәртебесін алғандар, Қазақстан азаматтарымен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар аясында, Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс таба алады, - деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов.
Айта кету керек, 2019 жылдың осы кезеңінде 9,6 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды, оның ішінде 53% Өзбекстаннан, 26% Қытайдан, 21% Моңғолиядан, Түркменстаннан және басқа елдерден келді.

Следующая →