ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қандай жағдайда қатаң карантин режімі енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді
Жұма күнгі жағдай бойынша ҚР-да COVID-19 жұқтырған 106 мың 661 науқас тіркелген, ал коронавирустан жазылып шыққандар саны – 100 мың 409 адам, көз жұмғандар – 1 мың 656
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңға жетсе, қатаң карантин енгізіледі.Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп жазады Tengrinews.kz сайты.
Бұған дейін ДСМ ресми өкілі қандай жағдайда Қазақстанның шекарасы жабылуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Следующая →
- ДСМ осы жылдың маусым-шілде айында Қазақстан бойынша алғашқы жедел жәрдем көмегін толық дайындады. Қажет болған жағдайда ДСМ бір күнде 70 мың төсек-орын дайындай алады. Журналистер қашан қатаң (карантин - авт. еск.) енгізілуі мүмкін екенін сұрайды, қандай меже болатынын сұрайды. Қазақстандықтар үшін, ДСМ, Үкімет үшін бір уақытта, бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны керек. Қазір, салыстырып айтатын болсақ, 4 600 адам емделіп жатыр. Егер олардың саны тәулігіне 30 мың адамға жетсе, ел бойынша қатаң карантин енгізіледі. Бірақ ДСМ 70 мың науқасты қабылдауға дайын, - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бұған дейін ДСМ ресми өкілі қандай жағдайда Қазақстанның шекарасы жабылуы мүмкін екенін айтқан болатын.
- Кеше Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде болып жатқан жағдай туралы мәлімет берді (министр - авт.). Біз оны зерттеп отырамыз. Қазақстанның коронавирус жаңа толқынын тоқтату үшін немесе алдын алу үшін жасайтын іс-қимылдарының нәтижесіне байланысты. Сондықтан мемлекет не Үкімет тарапынан Қазақстанды жабу немесе шектеу жұмыстарын өткізуі әбден мүмкін. Ол енді біздің көршілес мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайларға байланысты, - деген болатын Бағдат Қожахметов ОКҚ онлайн-брифингінде.