Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда еліміздегі тұңғыш электротакси іске қосылмақ

Тоқпен жүретін таксиді осы айда жолға шығару жоспарланып отыр

Алматыда тұңғыш электротакси іске қосылмақ. Тоқпен жүретін таксиді осы айда жолға шығару жоспарланған, деп жазады azattyq-ruhy.kzсайты.

Қуаттайтын стансаларды сатып алуға 3,2 млн теңге көлемінде грант берілген. Жоба "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында іске аспақ.

"Blue Sky Energy" компаниясының құрылтайшыларының бірі Нариман Иманғалиевтың сөзінше, электротакси Жапония, АҚШ, Украина және басқа да елдерде кеңінен қолданылуда. Енді осындай қызметті Қазақстанда да ұйымдастыру идеясы келіпті. Алғашқы көліктерді АҚШ-тан арнайы тапсырыспен алдырған. Алматыға бес орындық Nissan Leaf маркалы автокөліктер жеткізілді. Жыл соңына дейін электромобильдердің тағы бір қосымша партиясы келеді.

Бизнесті қолдауға арналған "Almaty Business-2025" бағдарламасы туралы біле салысымен, Нариман өзінің серіктестерімен бірге грантқа өтініш берген екен. Бизнес-жоспар құрып, құжаттар жағын реттеуге "Qoldaý" кәсіпкерлік орталығы көмектескен.

Мемлекеттен алған 3,2 млн теңгеге компания Қытайдан электр қуаттайтын станса сатып алып, оны Алматыдағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде орнатты. Қазір қалада электрлі көліктерді қуаттайтын 200-дей станса бар, жақын арада олардың санын тағы көбейту жоспарланған. Қазір "Blue Sky Energy" Алматы маңындағы ұлттық парктер мен корпоративтік клиенттермен серіктестік орнату туралы келіссөздер жүргізуде. Нариманның сөзінше, электротаксидің құны орташа нарықтық бағадан қымбат болмайды. Электротакси қызметін шығарудың негізгі мақсаты – тұрғындардың назарын қаланың қоршаған ортасын аялауға аудару болмақ.
Следующая →