Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР ТЖМ қыркүйек ішінде құрылады

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, ТЖМ жаңа құрамына 25 мыңнан астам қызметкер кіреді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы туралы, атап айтқанда, төтенше жағдайлар комитетін ішкі істер министрлігінің құрылымынан бөлу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерлан Тұрғымбаев арнайы комиссия құрылғанын, Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында жұмыс істейтін 25 мыңнан астам адамның тізімі нақтыланғанын, сондай-ақ қажетті техника мен жабдықтар бөлінетінін хабарлады. Барлық жұмыс бір ай ішінде аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, министр "полиция қадамдық қолжетімділікте" қағидаты бойынша полицияны реформалау жөніндегі жұмыс туралы айтып берді. 

- Осы қағидат бойынша жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері материалдық құралдармен толық қамтамасыз етіледі, олардың республиканың барлық өңірлеріндегі халықпен тығыз жұмыс істеуі үшін оңтайлы жағдайлар жасалады,- деді Ерлан Тұрғымбаев.  

Учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі заңмен бекітіледі, олар автокөлікпен, фото- және бейнетіркегіштермен, электрондық планшеттермен қамтамасыз етіледі.

Кездесуде ІІМ цифрландыру мәселесі де талқыланды. Бүгінгі таңда Министрлік жұмысының 83%-ы электрондық форматқа көшірілді. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 91%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы белгіленген реформаларды тиімді жүргізу қажеттігін атап өтіп, министрліктің алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.
Следующая →