Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 13 жұқпалы аурулар ауруханасы салынатынын мәлімдеді
Үкімет отырысында өткен жиналыс барысында бұл ауруханаларға 2700 төсек-орын сыйғызу жоспарланғандығы туралы айтылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, Қазақстанда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын іске асыру аясында азаматтарды 683 инфрақұрылымдық нысанға, оның ішінде жаңа модульдік инфекциялық ауруханаларға жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Следующая →
- 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады, бұл 5 мың тұрақты жұмыс орнын ашады, - деді Нұрымбетов.Бұған дейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавируспен ауыратын науқастарға арналған модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынған болатын. Осыған ұқсас ауруханалардың құрылысы Шымкент пен Атырауда басталды, сонымен қатар Алматыда дәл осындай екінші аурухана салынбақ.