Республиканың басым бөлігінде аптап ыстық сақталады
Қазақстандағы ауа райы: республиканың басым бөлігінде аптап ыстық сақталады
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің кейбір аудандарында қатты жел, шаңды дауыл, жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстандық синоптиктер еліміздің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталып отырғанын айтты. Республиканың батыс бөлігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Маңғыстау, Атырау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 17-23 метр болады деп күтілуде. Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында найзағай ойнап, секундына 15-20 метр қатты жел тұрады. Сондай-ақ, бұл аудандарда дауыл, шаңды дауыл және бұршақ болуы мүмкін.
Еліміздің шығысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл болуы мүмкін. Сондай-ақ, секундына 15-20 метр қатты жел күтіледі. Құтқарушылар Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде жылу мен төтенше өрт қауіпі сақталатынын ескертеді.
Следующая →