Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда алкоголь мен темекі сату ережелері өзгерді

Енді барлық қазақстандықтар темекі мен спиртті ішімдіктерді сатып алу кезінде құжат көрсетуге міндетті

7 шілдеде қабылданған Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес, тіпті зейнеткерлер де сатушыға жеке куәлік көрсетуі керек.

Қазақстанда алкоголь мен темекі сату ережелері өзгерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Енді сатушылар барлық "21 +" сатып алушыларынан құжаттарын көрсетуді сұрауы керек. Олай болмаған жағдайда кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
- Егер жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаса, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылған темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды сатудан бас тартылсын, - делінген Кодексте.
Бұл алкоголь өнімдерін сатуға да қатысты. Осылайша, егер бұрын сатушы сатып алушының кәмелетке толғанына немесе 21 жасқа толғанына көз жеткізуі керек болса, енді әркімнің жеке куәлігін тексеруге міндетті.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап темекі өнімдерін витриналарға қоюға тыйым салынады. Ассортимент пен бағаларды тиісті тізім арқылы табуға болады.

Денсаулық туралы толық Кодексті 7 шілдеде қабылданған.
Следующая →