Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алексей Цой: "Ашық ауада 5 жасқа дейінгі балалар маска кимесе болады"

Бұған дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирус қауіпіне байланысты көшелерде барлық қазақстандықтарға, соның ішінде емшектегі балаларға жеке қорғаныс құралдарын киюді міндеттейтін бұйрық шығарды

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі көшеде қорғаныс маскаларын міндетті түрде кию туралы құжатқа жас балаларға қатысты аталған талапты алып тастайтын өзгеріс енгізді.

- 5 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын топта жеке және топтық спортпен шұғылданатын адамдар ашық ауада бетперде кимесе болады, - делінген денсаулық сақтау министрлігінің сенбі күні таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, министрлік "5 жастан асқан балаларға маска кию міндетті" деп атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналар мен балалар өз үйлерінің аулаларында серуендеу кезінде бетперде кию керек пе, жоқ па екендігін түсіндірді: "Жеке үйдің ауласында жоқ. Көп қабатты тұрғын үйдің ауласында - иә, қажет. Бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, отбасы мүшелерінің серуендеуін қоспағанда ".

Бұл норма қоғамда теріс қабылданды, кейбір сарапшылар, тіпті, сәбилерге арналған маскалардың қауіпсіздігі туралы айтты.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі көлікте кімге маска кию керектігін түсіндірді.

- Егер көлік қоғамдық болса (автобус, пойыз, ұшақ, кеме немесе такси) - онда міндетті (қорғаныс маскасын – ИФ-K). Егер жеке көлік болса, онда-жоқ. Сонымен қатар, жеке көлікте бір отбасы мүшелері міндетті емес, бірақ біз маска кию аурудың қаупін 30% төмендететінін көрсететін ғылыми негіздемені ескере отырып ұсынамыз, - деді министрлік
Следующая →