Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Осы жұмада бүкіл әлем бойынша миллиардқа жуық адам мұсылмандардың басты мерекесі - Құрбан айтты атап өтеді
Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев пен еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) Нұрсұлтан Назарбаев мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.
Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.
Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет. Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді.
"Сабыр – сәулетті байлық" дейді халқымыз. Рухы асқақ ел ретінде барлық сынақты еңсеретінімізге сенемін.
Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! Халқымыздың амандығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Мейірімділіктің, жақсылық пен жасампаздықтың символы болып саналатын бұл жарқын мейрам біздің жүрегімізге жақындарымызға деген сүйіспеншілік ұялатып, игі істерге, мұқтаж жандарға көмектесуге үндейді.
Осы күні біз Жаратқанға жалбарынып, өзімізге бейбіт өмір мен тыныштық, қайрат-қуат пен рухани күш-жігер сұраймыз.
Құрбан айт бізді ізгі үрдістерге баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түседі.
Елімізде Құрбан айт әртүрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.
Осы қастерлі мерекеде барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
Айт қабыл болсын!
Следующая →